Нәтиже сабақ «Күз».

0
806

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Күз».

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша тақырыптарды қорытындылап,

сөз құрамын пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест сұрақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөз құрамын меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Күз туралы салған суреттерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңдар.

1. Сөз құрамы нешеге бөлінеді?

2. Күз айлары қандай?

3. Күзде қандай өзгерістер болады?

4. Көкөністерді ата.

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Сызбаны толтыр:

Түбір

… …

2. Сөздерді аудар:

гранат – малина –

слива – клубника –

3 – тапсырма. Күз айларын ата.

А) наурыз, сәуір, мамыр

Ә) қыркүйек, қазан, қараша

Б) көктем, жаз, күз

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Тест жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау