Нәтиже сабақ «Көктем». Тест.

0
918

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Көктем». Тест.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша оқылған тақырыптарды қайталау,

үстеу мен оның түрлерін пысықтау, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік,тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: үстеуді меңгеру, көктем туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Тырна» мәтінін мазмұндау).

«Менің сүйікті құсым» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1– тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңдар.

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

Сызбаны толтыр.

Үстеу

Мезгіл Мекен Себеп Сын -қимыл Мақсат Күшейткіш Мөлшер

… … … … … … …

2. Үстеу қандай сұраққа жауап береді?

А) кім? не?

Ә) не істейді?

Б) қашан?

3. Көктемде не болады?

А) қар жауады

Ә) қар ериді

Б) боран соғады

4. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз: Адамдар, егеді, ағаштар, саяжайда, гүлдер, көктемде.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау