Нәтиже сабақ «Еңбек. Мамандық».

0
689
литература

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Еңбек. Мамандық».

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша оқылған тақырыптарды қайталау,

етістіктің шақтарын пысықтау, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік,тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: етістіктің шақтарын меңгеру, еңбек, мамандық туралы өз ойларын

айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Етістік шақтары бар мақал – мәтелдер жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1– тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңдар.

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

Сызбаны толтыр.

Етістіктің шақтары

Осы шақ Келер шақ Өткен шақ

… … …

2. «Еңбек» деген сөздің синонимін тап.

А) жұмыс

Ә) мамандық

Б) қызмет

3. Өткен шақта тұрған етістікті тап.

А) сату

Ә) сатушы

Б) сатты

4. Наубайшы не істейді?

А) шаш қияды

Ә) үйді күзетеді

Б) нан пісіреді

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау