Күз. Сөз құрамы.

0
1158
физика

Сабақтың тақырыбы: Күз. Сөз құрамы.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөз құрамын түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, кесте

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөз құрамын меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ережені жатқа сұрау. «Күз» тақырыбында жазған әңгімелерін еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Мәтінді оқып, қай жыл мезгіліндегі серуен екенін анықтаңдар.

2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

3 – тапсырма. Кесте бойынша сөйлем құраңдар.

Жыл мезгілі

Айлар

Күндер

Түндер

Ауа райы

күз

қыркүйек, қазан,қараша

ұзарады

қысқарады

күн салқын, ауа дымқыл, аспан бұлтты, жаңбыр жиі жауады

4 – тапсырма. Мына сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды түбір сөздер жасап

жазыңдар.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар

Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау

Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. Мысалы: көмек, т.б.

Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады. Мысалы: көмек +ші, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Күз мейрамдары» тақырыбында әңгіме жазу. 5 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау