Көкөкністер мен жемістер. Түбір және қосымша.

0
785
физика

Сабақтың тақырыбы: Көкөкністер мен жемістер. Түбір және қосымша.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

түбір мен қосымшаны түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге

үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: түбір мен қосымшаны меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Күз мейрамдары» тақырыбында жазған әңгімелерін тексеру. 5 – тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Суреттер бойынша сөйлемдер құраңдар.

2 – тапсырма. «Осенью» мәтінін оқып, қазақ тіліне аударыңдар.

3 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Модульдегі жаңа сөздерді мәнерлеп оқыңдар.

2. Мына сөздерден туынды түбір жасап, мағынасын түсіндіріңдер: оқу, ас, егіс

ІІ деңгей.

1. Жаңа сөздерді жатқа жазыңдар.

2. Мына сөздерден негізгі түбірді тауып, мағынасын айтыңдар.

І деңгей.

1. Күз мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай? Салыстырыңдар.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар

Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау

Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. Мысалы: көмек, т.б.

Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады. Мысалы: көмек +ші, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

4 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау