Қазақ тілі 5 класс на казахском

Көкөкністер мен жемістер. Түбір және қосымша.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Көкөкністер мен жемістер. Түбір және қосымша.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

түбір мен қосымшаны түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге

үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: түбір мен қосымшаны меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Күз мейрамдары» тақырыбында жазған әңгімелерін тексеру. 5 – тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Суреттер бойынша сөйлемдер құраңдар.

2 – тапсырма. «Осенью» мәтінін оқып, қазақ тіліне аударыңдар.

3 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Модульдегі жаңа сөздерді мәнерлеп оқыңдар.

2. Мына сөздерден туынды түбір жасап, мағынасын түсіндіріңдер: оқу, ас, егіс

ІІ деңгей.

1. Жаңа сөздерді жатқа жазыңдар.

2. Мына сөздерден негізгі түбірді тауып, мағынасын айтыңдар.

І деңгей.

1. Күз мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай? Салыстырыңдар.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар

Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау

Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. Мысалы: көмек, т.б.

Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады. Мысалы: көмек +ші, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

4 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Көктемгі еңбек. Сын – қимыл үстеуі.
  2. Көктемде. Мөлшер үстеу.
  3. Көмек
  4. Көмекшілер. Белгісіздік есімдігі.
  5. Мазмұндама «Менің үйім»
  6. Мазмұндама «Адамның дене мүшелері»
  7. Мазмұндама «Менің досым»
  8. Мазмұндама «Ханталапай»
  9. Мазмұндама «Қыс».
  10. Мамандықтар. Сын есім

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса