Диктант «Ұлылар елі»

0
767
информация

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ұлылар елі»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

тәуелдік жалғауын түсіндіру , сауатты жазуға және сөйлеуге

үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: тәуелдік жалғауын меңгеру, сауатты жазу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тәуелдік жалғауын еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: қадірлі, қасиетті, Шәкәрім

Ұлылар елі

Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар. Қазақтар үшін сондай қасиетті мекен – Шыңғыстау. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер ақын – жазушысы өмірге келген. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар. Мұндай үш алыптың бір жерде дүниеге келуі – сирек кездесетін құбылыс. Рас, бұл өңірде олардан бұрын да атақты адамдар өмір сүрген. Өскенбай , Құнанбай сияқты даңқты билер болған. (52 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь