Диктант «Мамандық»

0
1458

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Мамандық»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып,

сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сауатты жазу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тыныс белгілердің қойылу ережелерін пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: сүру, өзекті

Д иктант

Мамандық

ХХІ ғасыр күн тәртібінде аса өзекті мәселе қойып отыр. Ол – мамандық. Қазір уақыт талабы басқа. Еңбек нарығы үнемі өзгерісте болады. Соған орай жастар дайын болады. Бұрын адамдар өмір бойы бір мамандықпен жұмыс істеді. Енді бір мамандықпен өмір сүру қиын. Әрбір жас өзін өмір бойы оқуға дайындау керек. Бұл өзіне де, мемлекетке де пайдалы. (53 сөз )

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау