Математика 1 класс на казахском

Білім деңгейлерін анықтау. №1 Бақылау жұмыс

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

15-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Білім деңгейлерін анықтау. №1 Бақылау жұмыс

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.

2. Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдісі: жазбаша

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық:

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам бастаймыз.

ІІІ. Дәптермен жұмыс . Балаларға бақылау жұмыстар, өзіндік жұмыстар қалай өтетінің туралы мәлімет беру.

№1 тапсырма.

-Балалар, бізге берілді геометриялық фигуралар. Олар қалай аталады?

Дайындаймыз көк түсті мен жасыл түсті қарындаштарды.

-көк түспен, үшбұрыштарды жасыл түспен бояу.

№2

-Балалар, оң колды көтеріндер.

-Оң жақты көрсетіндер.

-Оң жақтан санағанда, үшінші жұлдызшаны бояу.

ІV. Сергіту сәті.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Саусағым орамды,

Үш жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

V. Дәптердегі тапсырманы жалғастыру.

№3 Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтарды сызу.

VІ.Сабақты қорытындылау.

 

Ещё уроки серии

Все 47 уроков
  1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
  2. Бақылау жұмысы
  3. 10 саны. Бір таңбалы жэәне екі таңбалы сандар. Сандар қатары
  4. Сандар қатарының қасиеттері.алдынғы және кейінгі сан.
  5. 10 санының құрамы.
  6. 2 саны және цифры. Сәуле. Бұрыш.
  7. 3 саны және цифры. Үшбұрыш.
  8. 4 саны және цифры. Төртбұрыш, шаршы.
  9. 5 саны және цифры. Бесбұрыш.
  10. 6 саны және цифры

Математика в 1 классе

Все предметы 1 класса