Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.

0
620

Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сын есімнің жұрнақтарын түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, жұмбақ шешу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сын есімнің жұрнақтарын меңгеру, қыс туралы өз ойын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма («Жаңа жыл» мәтінін мазмұндау). Туынды сын есімдерге мысалдар жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1– тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Сын есімді табыңдар.

Ұшан – теңіз қалың қар,

Жерді басып, жабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

2 – тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер.

1. Таудан түссем, тоқтауды білмейді,

Тауға қарай, тартсам да жүрмейді. (шана)

3- тапсырма. Суреттерге қарап, әңгіме құрап жазыңдар. Сын есімдердің астын сызыңдар.

Ережемен жұмыс

Сын есімнің жұрнақтары

1. –ғы, -гі, -қы, -кі: қысқы, кешкі, жазғы, күзгі

2. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: қалалық, әкелік, аудандық, шетелдік

3. –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: таулы, өнерлі, орманды, ұлтты

4. – сыз, -сіз: ақылсыз, білімсіз

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма ( Өлеңді жатттау )

Жұмбақтар жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау