Қазақ тілі 5 класс на казахском

Қыс. Сын есім.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сын есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сын есімді түсіндіру , сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру, қыс туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптарды қайталау, еске түсіру. Қысқы демалысты қалай өткізгендерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сөйлесуді оқып, өзара сөйлесіңдер. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.

Қай жыл мезгілі басталды?

Қыс мезгілі басталды.

Қыс айлары қай айлар?

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

2 – тапсырма. Кесте бойынша әңгіме құрастырыңдар.

Жыл мезгілі

Айлар

Күндер

Түндер

Ауа райы

Қыс

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

қысқа

ұзақ

Күн суытады, қар жауады, боран соғады, аяз болады.

Ережемен жұмыс

Сын есім – заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, көлемін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай ? қай?

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Қалаға саяхат. Септік жалғаулары.
  2. Қанша? Неше? Есептік және реттік сан есімдер.
  3. Қатемен жұмыс. Танысу
  4. Қызық оқиға. Төл сөз.
  5. Қысқы демалыс. Сапалық және қатыстық сын есім.
  6. Қысқы киім. Негізгі және туынды сын есімдер.
  7. Құстар – біздің досымыз. Мақсат үстеу.
  8. Ұлттық ойындар. Етістік.
  9. Әдепті балалар. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
  10. Өзім туралы. Буын, екпін

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса