25-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Атрық. Кем. Тең.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Артық», «Кем», «Тең» түсініктерімен таныстыру. Заттар жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету; таңбаларды дұрыс қолдана білу.
2.Дамытушылық: Танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, есептеу дағдылары арқылы білімдерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу.
Сабақтың әдісі: жазбаша, ауызша, ойын
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Математика – толған тамаша заңдылық сән,
Математика -толған тәртіп, мағына мән.
Математика – толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша жұмыс: 43 бет
1+2 3-2 2+1 1+1 2-1
IV. Жаңа материалмен таныстыру
№1 тапсырмадағы суреттерді пайдаланып немесе басқа заттарды пайдаланып жаңа тақырыпты түсіндіру.
3 > 1 3 = 3 2 < 4
V. Оқулықпен жұмыс. №2 дәптерге орындау.
3 *4 3*2 3 *3 2* 3
2 *2 1*2 2*1 1*3
VI.Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кіп -кішкентай балалар,
Үп- үлкен боп өседі.
VII.Дәптермен жұмыс: 36-37 бет №1 таңбаларды жазуға үйрену.
№3 тапсырманы орындай отырып, жаңа материалды бекітуге болады.
№4 өз беттерінше орындағаннан кейін жаңа сабақты қаншалықты меңгергендіктерін тексеру керек -37 бет
Өтілген материал бойынша істелетін жұмыс.
Оқулықтағы №3 -44 бет, орындау кезінде оқушылар фигураларды атайды, содан кейін суреттен кесінділерді тауып, сызғыштын көмегімен олардың ұзындығын өлшейді.
№4-44 бет «Артық фигураны тап» ойын арқылы жұмыс жүргізеді. Дәлелдеу.
VIIІ.Сабақтың қорытындысы.
ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау