Аустралия Одағы

0
918
английский

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Аустралия Одағымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Аустралия Одағының физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасман аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша д.ж-де 6-шы орында тұрғанымен, халқы ең аз материк болып есептеледі. Қазіргі кезде халқының саны 18 млн адамнан асады. Халықтың басым көпшілігі шығыс жағалауындағы ірі қалаларда тұрады. Елдегі қала халқының үлесі 86%-ға жетеді.

Материктің байырғы халқы аборигендер метистермен қоса есептегеннің өзінде халықтың 1%-ын ғана құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің санының өзі байырғы халықтан әлдеқайда көп.

Еуропадан жаппай қоныс аударған ағылшындардың ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты. Олар аборигендерді шығыстағы жайлы жерлерден біртіндеп ығыстырып, орталықтағы шөл мен шөлейт жерлердегі резервацияларға көшірген. Кейбір жекелеген тайпалар әлі де өздерінің қалыптасқан өмір салтын сақтап қалған.

Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Материктегі алуан түрлі пайдалы қазбалар негізінде алдымен тау-кен өнеркәсібі қалыптасып, дамыған. Соңғы кезде машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібінің салалары қарқынды өркендеуде. Елде ағаш сүрегін дайындап, өңдеу де жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да жоғары деңгейге көтерілуде. Еуропалықтар өздері басып алған жақсы жерлерді жергілікті табиғат жағдайларына бейімдеп, қой шаруашылығын барынша дамытқан.

Жаңа сабақты бекіту:

«Абориген» ұғымы қайдан шыққан?

Аустралияның қазіргі халқы қалай қалыптасқан?

Материкте неге халық сирек қоныстанған?

Еуропалықтар материкке сырттан қандай өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін әкелген?

Елдің шаруашылығы табиғат жағдайларына қалай бейімделген? Оған нақты мысалдар келтіріңдер.

Қорытынды: Қорытындылай келе, қазіргі кезде Аустралия меринос қойларының саны жөнінен д.ж-де 1-орын алады. Елдің ылғал мол түсетін оңтүстік шығыс және оңтүстік-батыс аудандарында бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант құрағы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.

Үйге тапсырма: §56-оқуға. Кескін картаға Аустралия Одағын түсіріп келу.