Сабақтың тақырыбы: Ана аю. Сапалық және қатыстық сын есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сапалық және қатыстық сын есімдерді түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сапалық және қатыстық сын есімдерді меңгеру, ана аю туралы өз
ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3 – тапсырма («Қысқы киім» тақырыбына шығарма жазыңдар)
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Ана аю» мәтінімен топтық жұмыс.
Мәтінді оқиды
Мәтін бойынша сұрақтар мен жоспар құрайды
Мәтінді мазмұндайды
Мәтінді аударады.
Сын есімдерді табу.
2 – тапсырма. Суреттер бойынша сын есімдерді қатыстырып, әңгіме құраңдар
3 – тапсырма. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлем құраңдар.
Ережемен жұмыс
Сын есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
1. сапалық сын есім: әдемі, қатты, т.б.
2. қатыстық сын есім: қысқы, тәуелсіз, таулы, аудандық, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма («Ана аю» мәтінін мазмұндау).
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау