Қазақ тілі 5 класс на казахском

Аңсау. Антоним.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Аңсау. Антоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

антонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық диктант

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: антонимдерді меңгеру, аңсау жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқу құралдары жайында шағын әңгіме жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Аңсау» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Антоним болатын сөзді табыңдар.

2 – тапсырма. Сөйлесуді жалғастырыңыз.

– Сен болашақта қайда оқығың келеді?

– …

– Сен қандай мектепте оқуды армандайсың?

– … .

Шығармашылық диктант

Денсаулық

Денсаулық – зор байлық. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтанудың, спортпен айналысудың маңызы зор. Денсаулыққа пайдалы спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Денсаулыққа зиянды заттар – темекі мен алкогольді ішімдіктер.

Денің сау болсын десең, қазірден бастап спортпен шұғылдан.Уақытында тамақ ішіп, таза ауада демалуды әдетке айналдыр.

Ережемен жұмыс

Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер. Мысалы: кең-тар, бару-келу, қыс-жаз, соғыс-бейбітшілік, аз-көп, аласа-биік, қорқақ-батыр, дұшпан-дос, өтірік-шын, сүю-жек көру, жарық-қараңғы,т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Аңсау» мәтінін мазмұндау.

«Байлық, жүгіру, пайдалы, сау, демалу» сөздерінің антонимін табу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар.
  2. Аққу. Күшейткіш үстеу.
  3. Бақылау диктанты «Саяхат»
  4. Бақылау диктанты «Туған жерімнің табиғаты»
  5. Бақылау диктанты «Шежіре үйрету»
  6. Бақылау диктанты «Дастарқан басында»
  7. Бақылау диктанты «Көптеген көмек»
  8. Болаттың белгісі. Диалог.
  9. Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз. Негізгі және туынды зат есім.
  10. Біздің мектептегі спорт үйірмелері. Синоним.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса