Қазақ тілі 5 класс на казахском

Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: дауыссыз дыбыстарды меңгеру, аялдама жөнінде өз пікірін айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2-3 тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, рөлге бөлініп әңгімелесіңдер.

Аялдамада

– Сәлеметсіз бе, апай!

– Сәлеметсің бе, балам!

– Апай, вокзалға қандай автобуспен баруға болады?

– Вокзалға … автобустармен баруға болады.

– Балам, сенің атың кім?

– Менің атым – … .

2 – тапсырма. Осы модульдегі жаңа сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін

құраңдар. Бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.

Ережемен жұмыс

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үш түрге бөлінеді:

  1. Қатаң дауыссыздар: п,т,с,ч,ц,ф,х,ш,щ,к,қ -11

  2. Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ – 8

3. Үнді дауыссыздар: р,л,м, н ,ң, й ,у – 7

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырманы орындау

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Ауылдағы демалыс. Диалог
  2. Аю мен лақ. Есімдікті қайталау.
  3. Аққу. Күшейткіш үстеу.
  4. Аңсау. Антоним.
  5. Бақылау диктанты «Саяхат»
  6. Бақылау диктанты «Туған жерімнің табиғаты»
  7. Бақылау диктанты «Шежіре үйрету»
  8. Бақылау диктанты «Дастарқан басында»
  9. Бақылау диктанты «Көптеген көмек»
  10. Болаттың белгісі. Диалог.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса