Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы. Есімдік.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
есімдікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: есімдіктерді меңгеру, төрт түлік туралы өз ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен модульді қайталап, еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Суреттер мен сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құраңыз.
Түйе боздайды, боталайды.
Жылқы кісінейді, құлындайды.
Сиыр мөңірейді, бұзаулайды.
Қой маңырайды, қоздайды.
Ешкі маңырайды, лақтайды.
2 – тапсырма. Төмендегі сөздерге сілтеу есімдіктерін қосып, сөз тіркестерін құраңыз.
Үлгі: сол бұзау, мына жылқы
Бұзау, лақ, бота, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
3 – тапсырма. Сөзге тиісті жұрнақтарды жалғап жазыңдар.
Үлгі: бұзау+дікі
Қой
Сиыр нікі, дікі, тікі
Қозы
Ешкі
Ережемен жұмыс
Есімдік – есім сөздердің орнына (зат есім, сын есім, сан есім) қолданылатын сөз табы. Мысалы: Мен бесінші сыныпта оқимын.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма. (Берілген сөйлемдерді жаттау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау