Қазақ тілі 5 класс на казахском

Төрт түліктің пайдасы. Есімдік.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы. Есімдік.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

есімдікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: есімдіктерді меңгеру, төрт түлік туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен модульді қайталап, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Суреттер мен сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құраңыз.

Түйе боздайды, боталайды.

Жылқы кісінейді, құлындайды.

Сиыр мөңірейді, бұзаулайды.

Қой маңырайды, қоздайды.

Ешкі маңырайды, лақтайды.

2 – тапсырма. Төмендегі сөздерге сілтеу есімдіктерін қосып, сөз тіркестерін құраңыз.

Үлгі: сол бұзау, мына жылқы

Бұзау, лақ, бота, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

3 – тапсырма. Сөзге тиісті жұрнақтарды жалғап жазыңдар.

Үлгі: бұзау+дікі

Қой

Сиыр нікі, дікі, тікі

Қозы

Ешкі

Ережемен жұмыс

Есімдік – есім сөздердің орнына (зат есім, сын есім, сан есім) қолданылатын сөз табы. Мысалы: Мен бесінші сыныпта оқимын.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма. (Берілген сөйлемдерді жаттау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Тіл дамытуға арналған жинақтары
  2. Тәуелсіздікке- 25 жыл!
  3. Төрт түліктің пайдасы. Сілтеу есімдігі.
  4. Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.
  5. Уақыт өлшемдері. Топтау сан есім.
  6. Уақыт. Сан есім, құрамдық түрлері.
  7. Хайуанаттар бағында. Сұрау есімдігі.
  8. Ханталапай ойыны. Етістіктің жіктелуі.
  9. Шығарма «Кім болғым келеді?»
  10. Шығарма «Менің қиялымдағы қала»

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса