Тәрбие сағат. Тақырыбы: Құтты болсын Жаңа жыл

0
1037
школьница

Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аяз-атаның, Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің
карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысушылар: жүргізуші, Аяз-ата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір, қой, Клоун
Жаңа жыл хоровод № 1
Жүргізуші: Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер
Би: восточный
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын соны шешесіңдерме?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
(аяз-ата)
Балалар енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз-атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз-ата! Аяз-ата!-деп айғайлап шақырады.
Аяз-атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып қонақтардың алдына келіп
Мыстан кемпір: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен. (осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді)
Жүргізуші: Мыстан кемпір! (мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлыун тоқтатпайды)
Біз жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! (мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: туу! маңдайындағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғаның-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!) Мыстан кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
Жүргізуші: Балалар кәне тойды жалғастырайық, Аяз-ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.
Данс биін тамашалайық.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен Ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз-ата: Айналайын-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсын ба өзі!
Ақшақар: жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз ата: Қызым-ау не айтып тұрсын!
Қарашы біз тойға келдік
Кәне балалармен амандасайық
Аяулы аналарға ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларын
Асаулармен алысқап
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады)
Аяз-ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан , ұят болады, басынды көтер. Қарашы балалар қандай әдемі! Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұсуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
/сол кезде Ақшақар жылап тұрып/
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз-ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғымен жағамын дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Мыстан кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік!(қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Жүргізуші: Ақшақар сиқырлы таяғын қандай еді?
Ақшақар: Менің тағым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздерме?
Жүргізуші: Жаңа мұнда мыстан болған ол ұшып бара жатып қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен? Кәне аңдар іздеп көрейікші сол затты мүмкін тауып берерсіндер.
Би зонтиктармен
Аяз-ата: Жарайсын балапаным.
Жүргізуші: Кәне бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық. (Балалар қайырмасын айтып жатқанда Аяз-ата Ақшақарды қасына шақырып шыршаны жаққызады.)
Хоровод № 3
Ұлдар бии
Жүргізуші: Аяз-ата сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңізбе?
Аяз-ата: Әрине барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды)
Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз-ата: Ия сол кілт шығар.
Жүргізуші: Аяз-ата сол кілтті мыстан алып кетті ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз-ата: Қап, әттеген-ай! Кәне біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. (осы кезде залға мыстан кіреді)
Мыстан: А-а, бәлем! Таптым сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш оны артқа қарай итереді)
Аяз-ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай тағы не дейді. Сыйлықтар өзіме керек.
Аяз-ата:Аһ, бәлем! олай болса өзіннең көр. Мен сені қатырып тастайын. Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста. (мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпына келтір! Ой не істесем екен.
Аяз-ата: Бересінбе сандықтың кілтін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз-ата: А-а онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтінді, тек балалар маған өнерлерін көрсетсін.
Буги-вуги бии
Мыстан: Тамаша екен мен де билей алам Верка Сердючка
Хоровод № 2

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь