Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Сөз және оның мағынасы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.
Психологиялық ахуал Бақытты дәйім армандап,
Досқа да бақыт тіледің.
Күтеді сені алдан бақ,
Жақсылық етсең үнемі. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту 1. Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
• Осы сөздерге қарама – қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы – жаман, жылы – суық, түзу – қисық, бүлдіру – түзету, күлкілі – қайғылы.
2. Бұл қандай сөздер?
• Мағынасы бір – біріне қарама – қарсы сөздер (антонимдер)
• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Жұмбақ шешу
● Қарамен жазылған сөздерді қарама – қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.
Жақыннан әкеп хабарды.
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)
Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)
● Бес жолды өлең құрастыру
1. Пияз
2. Ащы, пайдалы.
3. Аршылады, ашытады, өседі.
4. Жуа
5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады