Сабақтың мақсаты : Оқушыларға тақырып бойынша әңгімелеуіне дағдыландыру. Жаңа сөздерді күнделікті өмірде
орынды қолдана білу.
Жетістік критерийлер:
– С. 1.Тақырыпқа байланысты сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастыра алады.
2.Төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.
– В.1.Шағын әңгіме құрастырады.
2.Бір – бірімен диалогқа түседі.
– А. 1.Жоғары дәрежелі сұраққа Клише арқылы жауап бере алады.
Негізгі дерек көздер : оқулық қазақ тілі.2сынып, А.Қайырбекова. Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары.
Сабақтың әдіс- тәсілдері :«Ыстық орындық» әдісі,Миға шабуыл, сұрақ-жауап
Сабақтың кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
Деректі көздер |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиалық ахуал туғызу. |
4 мин. |
Шеңбер құрып, оқушыларға жылы лебіздер айтуға ұсынады. |
Оқушылар шеңберге тұрып, әрқайсысы бір –біріне жылы тілектер айтады. |
|
Топқа бөліну |
1 мин |
Спорт жабдықтарына байланысты сурет қиықтарын ұсыну. Бағалау парақтарын таратады. |
Оқушылар суреттерді құрастырып, топқа бөлінеді.Топ мүшелерін сайлайды.Бағалау парақтарын алады. |
Бағалау парақтары |
І. Білу |
5 мин |
«Миға шабуыл» әдісі бойынша сурет қиықтарын құрастырып,мынау не? деген сөзге жауап береді. -Мынау не? -Жақсы -Мынау кім? – Спорттың қай түрін білесіңдер? – Өте жақсы |
– Мынау доп – Мынау спортзал – Мынау шаңғы -Мынау спортшы – Футбол, баскетбол,волейбол Оқушылар бір –бірін қолпаштау арқылы бағалайды. |
|
ІІ.Түсіну |
8мин |
Сөздікпен жұмыс Ойын- игра Ойыншы – игрок Қақпа –ворота Қақпашы –вратарь Оқушыларға түсіндіру –шы,ші жұрнақтары жаңа сөздер құрастырады. Сөздерді дауыстап оқыту, бір, екібалаға оқытқызу. Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру. Жаңа сөздермен бірге басқа сөздерде аудармасымен тақтада жазылып тұрады. |
Оқушылар дауыстап оқиды, сонан соң бір, екі бала орысша және қазақша оқып шығады. Сөздік дәптерге жазады. Әр топ сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы: қызық ойын, алтыншы ойыншы,темір қақпа, жақсы қақпашы. Бір –біріне сөз тіркестерін оқиды. Бағдаршам арқылы бағалайды. |
Сөздіктер Үш түсті бағдаршам |
Сергіту сәті |
2мин |
Дене қимылын көрсетіп, тақпақты айту. |
Оқушылар дене қимылын жасайды. |
|
ІІІ. Қолдану |
10мин |
Оқулық бойынша жұмыс істеу. 56 бет 2- тапсырма 1.Мәтінді оқиды. 2.Орыс тіліне аударады. 3. Үшінші сөйлемді дәптерге жазады. Буынға бөліп, буынның түрлерін анықтайды. |
Оқушылар әр топта тапсырмаларды орындайды. Дәптерлерімен алмасып, бір –бірін тексереді. |
|
І V . Талдау |
5мин |
Әр топ постерге 57 бетте 3 –тапсырманы орындайды. Сызба бойынша сөйлем құрастыру. Уақыт біткен соң постерді қорғау керек. |
Оқушылар оқулықпен жұмыс істейді.Постерге сөйлем құрастырады. Топ басшысы немесе тілшісі тақтаға шығып қорғайды. Сөйлемдерді оқып, аударады. |
стикерлер |
V . Жинақтау |
5мин |
5 –тапсырма 57 бет Диалогті оқып, бір –біріне сұрақтар қояды. «Ыстық орындық» әдісі |
Оқулық бойынша диалогті оқиды, үлгі бойынша бір –біріне сұрақтар қояды.Қолпаштау арқылы бағалайды. |
|
VІ.Үй жұмысын беру. Бағалау |
5мин |
56-57 бет, сөздік жаттау,4 -тапсырма -Бүгін не өттік? -Не қызықты өтті? -Сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер? -Сендер спортпен шұғылданасыңдар ма? Бағалау парақтарын толтырады. Өзін-өзі, жұпты,топты бағалайды. |
Оқушылар стикерге жазып, тақтада ілілу тұрған плакатқа жапсырады. «Үш бет» әдісі бойынша. Топ басшылары бағалау парақтарын толтырып бағалайды. |
Плакат «Үш бет» |