Айы , күні |
3.09. |
4-сынып |
||
Сабақтың атауы: |
Менің атам мен әжем |
|||
Мақсаты: |
Отбасындағы ата мен әженің орнына ерекше мән беру, отбасы ұйтқысы, ақылшысы екенін ұқтыру. |
|||
Оқу нәтижесі: |
Қазақ отбасындағы сыйластық қатынастары туралы түсінеді, әр отбасы мүшесінің өз рөлі барын біледі. Ауызекі сөйлеу дағдысы дамиды. |
|||
Әдіс тәсілдер: |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+ Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+ Талантты және дарынды балаларды оқыту; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+ Оқытуды басқару және көшбасшылық |
|||
Дереккөздер: |
Ноутбук, слайд, карточкалар, |
|||
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Тренинг «Дене мүшелерінің амандасуы» 2.Топқа бөліну 3.Мәтінмен жұмыс. Екі топқа мәтін бөліктері беріледі. Жақсылап оқып, келесі топқа барып түсінгенін әңгімелеуге бір оқушыны дайынлауы керек. 4.Слайдты көру. Топпен 1-тапсырманы орындау, топ алдында қорғау. 5.Сабақты бекіту. 6. үйге тапсырма алу. 7. Бағалау. |
Менің атам мен әжем Менің отбасымда алты адам бар. Ол менің атам, әжем, әкем, шешем, қарындасым және мен. Отбасымыздың басшысы – атам. Ол өте мейірімді, елге сыйлы адам. Атам мен әжем немерелерін еркелетеді, бағады. Олар – зейнеткерлер. Әкем мен анам жұмыс істейді. Қарындасым балабақшаға барады. Ал мен төртінші сыныпта оқимын. Мен өз отбасымды жақсы көремін және құрметтеймін. Тапсырма: 1. Мәтінді түсініп оқы, түсінгенінді қазақша, орысша айт. 2. Мәтіннен ата, әже сөздерін тәуелдеңдер. Тапсырма: отбасы мүшелерін жас шамасына қарай тиісті деңгейге жаз.
|
|||
Топқа бөлу: |
Түсті стиктермен 2 топқа бөліну: отбасы мүшелері атаулары бір топ, оқу құралдары екінші топ болады. |
|||
Тапсырмалар: |
Тапсырма № 1 Ата сөзін көпше тәуелдеу-карточкамен жұмыс.
|
Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту) Үлгерімі төмен оқушыға карточка беру, отбасы тақырыбына байланысты сөйлемдер құру.
|
||
Сергіту сәті |
Музыкалық сергіту сәті
|
|||
Үйге тапсырма |
Отбасы туралы мақалдар жазып келу. Диалогты толықтыру: -Арай , сенің отбасың үлкен бе? – Жоқ, менің отбасым ……. үлкен емес, шағын. – Сенің ағаң бар ма? – …… жоқ. – Ал әжең бар ма? – Иә, менің өжем …….. . – Ал анаңның аты кім? – Анамның аты – ………….. |
|||
Рефлексия |
Даналық ағашы
|
|||
Бағалау: |
Өзара бағалау. |