Сабақтың тақырыбы: Көйлекті маған кім берді? Етістік.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
етістікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: етістікті меңгеру, көйлек тігу туралы өз ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өлеңді жатқа сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Көйлекті маған кім берді?» мәтінімен топтық жұмыс.
Мәтінді оқу
Мәтін бойынша сұрақтар мен жоспар құрау
Мәтінді мазмұндау
Мәтіндегі қиын және тірек сөздерді табу
3 – тапсырма. Сөйлесуді қазақ тіліне аударыңдар.
-Добрый день!
– Что стоишь?
– Сдавать зачеты.
– Что вы делали на зачете?
– Пересказали текст.
– Кто принимал зачет?
– Учитель русского языка.
Ережемен жұмыс
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы етістік деп аталады.
Сұрақтары: не істеді? қайтті?
1. Құрамына қарай ( 2 ):
1. Дара: жүгір, бар, т.б.
2. Күрделі: жазып отыр, құлап қала жаздады, т.б.
«Кім тез?» ойыны
Шарты: Оқушылар көйлекті қалай тігу керек, соған байланысты сөздерді жазады.
Тігу, жіп, ине, мата, іс машинасы, өлшеу, жаға.
ІV. Бекіту бөлімі
«Білімді маман болу үшін не істеу керек?» тақырыбына кеңес жазу.
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма («Көйлекті маған кім берді?» мәтінін мазмұндау).
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау