Сабақтың тақырыбы: Достықты бағалай біл. Етістіктің жіктелуі
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
етістіктің жіктелуін түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге
үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,
достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: етістіктің жіктелуін меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
4-тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Інімнің досы» мәтінін оқып, мазмұнын айту.
2-тапсырма. Берілген кеңестерді аударып, мағынасын түсіндіру.
4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.
5-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ деңгей.
1. Көптік жалғауларын атап, мысал келтіріңдер.
2. «Досымның мінезі» тақырыбына 4 сөйлем құрап жазыңдар.
ІІ деңгей.
1. Сөздің соңғы дыбысына байланысты, көптік жалғауларының жалғануын түсіндіріңдер.
2. Досыңмен кинотеатрға барғаныңды айтып беріңдер.
І деңгей
1. Қазақ тіліндегі көптік жалғаулардың орыс тіліндегі окончания множественного числа категориясынан қандай айырмашылықтары барын көрсетіңдер. Мысал келтіріңдер.
Ережемен жұмыс
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Сұрақтары: не істеді? қайтті?
Жіктік жалғауы
Жекеше
І жақ. –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін : оқушымын, дәрігермін, айтамын
ІІ жақ. –сың, -сің : оқушысың, дәрігерсің, айтасың
– сыз, – сіз: оқушысыз, дәрігерсіз, айтасыз
ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушы, дәрігер, айтады
Көпше
І жақ. –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз: оқушымыз, дәрігерміз, айтамыз
ІІ жақ. – сыңдар, -сіңдер: оқушысыңдар, дәрігерсіңдер, айтасыңдар
сыздар, – сіздер: оқушысыздар, дәрігерсіздер, айтасыздар
ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушылар, дәрігерлер, айтады
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
3-4 тапсырманы орындау
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау