Диктант «Пайдалы кеңес»

0
678
явления

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Пайдалы кеңес»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып,

етістіктерді пысықтау, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: етістіктерді меңгеру, сауатты жазу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Есімдіктерді еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: ауырмауы, жуу,сіңеді

Диктант

Пайдалы кеңес

Қазақ халқының « Ас-адамның арқауы» деген мақалы бар. Бұл тауып айтылған мақал. Адамның ауырмауы дұрыс тамақтануға байланысты. Күніне төрт рет, уақытында тамақтану өте пайдалы. Тамақтану алдында қолды сабынмен жуу керек. Тамақты әбден шайнап жұту қажет. Сонда адамның асқазаны бұзылмайды. Іштен тамақ бойына сіңеді.(43 сөз)

ІV. Бекіту бөлімі

Суреттер бойынша әңгімелесу.

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау