Сабақтың тақырыбы: Денсаулық елінде. Жалғаулық шылулар.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
жалғаулық шылауларды түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология
Күтілетін нәтиже: жалғаулық шылауды меңгеру, аурухана туралы айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма («Денсаулыққа пайдалы кеңестер» мәтінін мазмұндау)
Демеулік шылауларға 6 сөйлем құрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.
2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей.
1. Қай жерің ауырады? Сөйлесу құрастырыңдар.
2. Берілген сөйлемдерден жалғаулық шылауларды табыңдар.
ІІ деңгей.
1. «Аурухана» тақырыбына сұхбат дайындаңдар (керекті сөздер:тіркеу орны, қан қысымы,
қызуды өлшеу)
2. Берілген сөйлемдерден жалғаулық шылауларды тауып, морф. талдау жасаңдар.
І деңгей.
1. Денсаулықты не үшін сақтау керек? Өз ойларыңды жазыңдар.
2. Берілген жалғаулық шылауларды қолданып, сөйлем құраңдар.
Ережемен жұмыс
Жалғаулық шылау
1. Ыңғайлас жалғаулық: мен, бен, пен, т.б. 5. Кезектес жалғаулық: бірде, біресе
2. Қарсылықты жалғаулық: бірақ, алайда, т.б. кейде, т.б.
3. Себеп – салдар жалғаулық: себебі, өйткені, т.б. 6. Шартты жалғаулық: егер
4. Талғаулы жалғаулық: не, немесе, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
«Дәрігердің міндеті» тақырыбына әңгіме жазу. 3 – тапсырма.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау