37-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: Оқушылардың ақыл -ойын, ой -өрісін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру;
3.Тәрбиелік: Адамгершілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау , сұрақ -жауап
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жұлдыздар, санамақ.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың ұраны:
«Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық».
ІІ.Психологиялық дайындық .
«Күлімде ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Жаңа материалды қабылдауға дайындық үстінде 1-5 сандарының құрамы қайталанады, сондай -ақ тапсырмаға 1-10 -ға дейінгі ,10-нан -1-ге дейінгі санауды қосқан пайдалы.
«Қар лақтыру » ойыны
Карды лақтыру арқылы оқушылардың ауызша есептеулерін дамыту.
Енді қарларды әкеліп,тақтаға кему ретімен қарларды ілу.
1-ден 5-ке дейін ауызша өсу,кему ретінде санау.
Қазір, біз 5-тен кейін тұратын санмен танысамыз. Ол сан алты.
IV.Жаңа сабақты меңгеру. 1(сурет бойынша жұмыс)
–Балалар, гүлдің жанында қанша көбелек ұшып жүр?…….
Тағы бір көбелек ұшып келді. Нешеу болды?…..
5-тен кейін 6 тұрады. өрнек құрастыру. 5+1
V. Оқулықпен жұмыс: Оқулықты ашайық,тапсырманы орындайық.
№ 3 сандардың көршілерін табайық .
? 4 ? ? 3 ? ? 1 ? ? 5 ? ? 2 ?
VI. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз,
Ауада 6 санды жазамыз,
Енді , 6 санды
Әдемі дәптерге жазамыз.
VII.Санамақ айтайық
Көлшіктегі бір бақа,
Құрғақтағы Құрбақа,
Сұрша құмда Сұр бақа,
Аузын ашып тұр бақа.
Арық емес көк бақа,
Топ -толық бір Тоқ бақа,
Арбандаған Аш бақа ,
Тарбандаған Тасбақа…
Бақылдайды бақ–бақ деп:
«Бақа санын тап, тап!» -деп.
VIII. №1 -62 беттегі тапсырманы талдап дәптерге орындау.
ІХ.Сергіту сәті:
Көк аспанға қараймын,
Келген құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Х. Ауызша жұмыс. №4 -63 бет .Фигураларды ата . Кесінділерді өлше және салыстыр:
ХІ. Өзіндік жұмыс . №4 -4бет
ХІІ. Тақырыпты бекіту үшін дәптердегі №3 тапсырма орындалады.
ХІІІ.Сабақты қорытындылау.