Шығармашылық жоба – әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын , өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.
Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.
Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдау қажет.
Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы.
Оның мақсаты: 1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару,
3. Ұмыт болған халқымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.
Шығармашылық жобаны орындау жүйесі /. ұйымдастыру, дайындық, кезеңі.
– Проблеманы шешу;
– Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
– Материалдар мен керекті – құрал жабдықтар дайындау;
– Жұмыс орнын ұйымдастыру.
//. Техникалық кезең.
– Техникалық жұмыстарды орындау;
– Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .
///. Қорытындылау кезеңі жүйелеу.
– Дайын бұйымды бағалау;
– Шикізат шығынын есептеу;
– Шығармашылық жобаны қорғау.
4. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.
– Өзіндік қызығушылығы;
– Әлеуметтік – экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,
– Оқу кабинетінің материалдық техникалық базасына сай болуы;
– Өзіндік кәсіптік айқьшдалуы;
– Өз мүмкіндігін ескеру;
– Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.
V. Жобаны жарнамалау.
– Өнім белгісі;
– Өндірістің аты;
– Бұйымның аты, қолдану;
– Жарнамалау.
VI. Шығармашылық. жобаны қорғау
– Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қорытындылайды.