№93. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. Балапан мен мысық.

0
5412
физика

Сабақтың мақсаты: 1. өздігінен түсініп оқу, мазмұнын баяндауға үйрету. 2. қағаз бетіне жаза білу, өздігінен еңбек еңбек етуге дағдылану 3. Сауатты жазу, дұрыс сөйлем құруға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі : пысықтау

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ: а) Кіріспе.Өздігіңнен ойыңды жаза аласың ба? б) мұғалімнің түсіндіруі

Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапа пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде аш балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдап ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Ол қалына шыбық ала салып мысықты біраз жерге дейін қуып тастады. Жерде жатқан балапанды ұясына салды. Қараторғайлар шат-шадыман болып әсем әуенге басты.

Тірек сөздер: Шат-шадыман, әсем әуен.

Жоспар:1. Ұя жасау 2. Балапанға төнген қауіп. 3. Араша түскен Асан

ІІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?Бағалау.

ІҮ. Үйге тапсырма беру. Бір ертегі жазып келу