№95. Сабақтың тақырыбы: Еркіннің еңбегі

0
937
интернет

Сабақтың мақсаты: 1. Еркіннің еңбек етуін айта отырып, еңбек етуге, дұрыс түсініп оқуға үйрету. 2. ойын қорыта білуге дағдыландыру 3. адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, сызба

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өткенді сұрау: 1. Жатқа айту 2. Көктем белгілерін ата

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Кіріспе. Балалар, сендер қандай жұмыстарды істейсіңдер? б) мұғалімнің түсіндіруі. Мақал-мәтелді оқу, тақырып қою «Еңбек» Пысықтау 1. Мәтінді түсініп оқу .Жалғастырып оқу 2. а) Еркіннің атасының шөп шапқаны жайлы тауып оқу. б) Еркіннің шөп шабуын тап. в) Ең соңғы азат, жолды тауып оқы, не жайлы айтылған.

ІІІ. Қорыту: 1. Еңбек, жазғы еңбек жзайлы қандай еңбек түрлері болатынын айт. 2. «Еңбектің наны тәтті» нақыл сөзінің мәнін түсіндір, мәтінге қатысы бар ма?

ІҮ. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек? Жазғы еңбек жайында кім бізге әңгімелеп береді? Бағалау.

Ү. Үйге тапсырма беру: 167-169 беттерді түсініп оқу

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь