Қайталау. (+-9)

0
640
познание мира

57 Сабақ

Сабақ тақырыбы: Қайталау. (+-9)

Сабақ мақсаты: Санға 9 санын қосу және азайтуды пысықтау.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың ондықтан аттап қосу және азайтуға байланысты білімдерін

бекіту.

Дамытушылық:Оқушылардың жан-жақты ізденуін,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбек етуге,еңбек адамдарының еңбегін бағалай білуге,ұжым болып жұмыс

істеуге тәрбиелеу

Сабақ типі: бекіту сабағы

Сабақ әдіс-тәсілдері: есептеу,ұжымдық жұмыс,ойын,т.б.

Пәнаралық байланыс: дүние тану,қазақ әдебиеті

Сабақ барысы:

1.Алғашқы ұйымдастыру.

. Психологиялық дайындық.

Көптен күткен қоңырау

Соғылды,сабақ басталды.

Шешу,іздеу,тапқырлық,

Тағы ортаға тасталды.

Есеп,ойын,бәрі бар,

Кірісейік,іске сәт!

2.?й тапсырмасын тексеру.

“Кім шапшаң?” ойыны

15 = ?+? 16 = ?+? 12 = ?+? 11 = ?+? 18 = ?+?

15 = ?+? 16 =?+? 12 = ?+? 11 =?+? 13 = ?+?

12 = ?+? 11 =?+? 13 =?+?

12 = ?+? 11 = ?+?

№5.Есепті шешу.

3.Жаңа тақырып.

– Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

– Күз айларын кім атайды?

– Күзгі қандай еңбек түрлерін білесіңдер?

– Күзде ауыл шаруашылығында қандай жұмыстар жүргізіледі?

– Балалар,халқымыз дастарқанға алдымен қасиетті тағам қояды.Ол қасиетті тағам не?

– Дұрыс,нан.Енді дастарқанға нанды әкелуге көмектесейік.

– Егістіктегі саяхатымызды бастайық.

.Оқулықпен жұмыс.

“Жер жырту,тырмалау,тұқым себу”

№1.

х+9 = 18 18-х = 9 х-9 = 9

. “Піскен егінді ору,баулау,кептіру,маялау”

№2.

9+а а = 80; 9:

а-9 а = 89: 18:

9+80=89 9+9=18

89-9=80 18-9=9

. “Бидайды бастыру,ұн ғып тарту”

№3

а)Әкелінді – 18 м ә)Әкелінді – 18 м

Қиып алды – 7 м және тағы сонша Қиып алды – 7 м

Қалды – ? Қалды – ?

Шешуі: 18-(7+7) = 4 (м) Шешуі: 18-7 =11 (м)

Жауабы: 4 метр сым қалды. Жауабы: 11 метр сым қалды.

. Сергіту сәті

Көбелек тұрып ертемен,

Күлімсіреп керілді.

Бір – шықпен бетін жуынды,

Екі – шыр айналып бұрылды,

Үш – еңкейіп жерге жетті,

Төрт дегенде ұшып кетті.

. “Қамыр ашытып,оны илеп,пісіру керек”

№4.

а)Әкелінді – 16 кг ә)Әкелінді – 16 кг

Жұмсады – 5 кг және тағы сонша кг Жұмсады – 5 кг

Қалды – ? Қалды – ?

Шешуі: 16-(5+5) =6 (кг) Шешуі: 16-5 = 11(кг)

Жауабы: 16 килограмм сыр қалды. Жауабы: 11 килограмм сыр қалды .

. “Піскен нан біздің дастарқанға келеді”

4.Үйге тапсырма. №5

5.Бағалау.

6.Сабақты қорытындылау.

– Сабақта қандай көңіл күймен жұмыс істедіңдер?

– Қандай жаңа білім алдыңдар?

– Егер сабақ ұнаса,көңілді күнді алыңдар,оның бізге жылу сыйлағанын ұмытпаңдар.Ал егер көңілсіз болсаңдар – көңілсіз күнді алыңдар.

– Жақсы жұмыс істегендерің үшін және бір-бірімізге қуаныш сыйлағанымыз үшін рақмет!