Сабақтың тақырыбы: Қазақстан таулары. Зат есімнің мағыналық түрлері.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
зат есім мағыналық түрлерін түсіндіру , сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер, карта
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география
Күтілетін нәтиже: зат есімнің мағыналық түрлерін меңгеру, Қазақстан таулары
жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – 4 – тапсырма.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Қазақстан таулары» мәтінін оқыңдар. Зат есімдерді теріп жазып,
құрамына және мағынасына қарай ажыратыңдар.
Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар. (картамен жұмыс)
2 – тапсырма.«Қазақстанның таулары» диалогын оқып, жалғастырыңдар. Зат есімдерді
тауып, мағыналық түрін ажыратыңдар.
3 – тапсырма. Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріңдер.
Ережемен жұмыс
Зат есім – заттың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? не?
Зат есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
- жалқы зат есім: Қазақстан, Алатау, т.б.
- жалпы зат есім: тау, ауа райы, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма (мәтінді мазмұндау).
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау