47 Сабақ
Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту. Өзіндік жұмыс.
Мақсаты: 7 санын қосу және азайту жолдарымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: 7 санын қосу және азайтудың тиімді тәсілдерін түсіндіру. Өз бетімен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау, тез, шапшаң есептеу дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру. №6 (83 бет)
ІІ. Негізгі бөлім:
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- 7 санын қосу және азайту.
7-ге 7-ні қалай қосу керек?
7+7=
(7+3) +4=14
14-тен 7-ні қалай азайту керек?
14-7=
(14-4)-3=7
Қосу кестесі
7+7
8+7
9+7
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
№1
– Интерактивті тақтадан дұрыс жауабын көрсету арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.
(7+3)+4=14
(14-4)-3=7
(8+2)+5=15
(15-5)-2=8
(9+1)+6=16
(16-6)-1=9
№4
Бірінші жәшікте 30 кг сары май бар, ал екіншісінде одан 5 кг сары май артық. Екі жәшікте неше килограмм сары май бар?
ІV. Бағалау (оқушылардың бәрі бағаланады.)