§6.2. Сілтілік металдар.

0
1263
информация

Тақырыбы

§6.2. Сілтілік металдар.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық

тәрбиелік:

Оқушыларға сілтілік металдар , атом құрылысы,қасиеттері, туралы білімді қалыптастыру;

сілтілік металдардың электрондық формуласын құрастыра білу ,жеке атомға сипаттама беру,қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Аралас сабақ

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы, жаттығулар орындау,оқушылардың қорытынды жасауы,10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу. 9-Б-1көру

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ-1, 9- Б -1

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :

Сабақтың білімділік мақсаты:

– үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

– білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

– кеткен кемшіліктерді жою.

1. Үй тапсырмасын тексеру(бір-бірін тексеру).

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

– оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Сілтілік металдар.

Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

* s- элементтердің атом құрылысын,кристалл торларынының ерекшеліктеріне сипаттама бер.

*1және 2 топтың элементтерінің физикалық қасиеттерін салыстыр.

2-3

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

– оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Кітаппен өз бетінше жұмыс-параграф 6.2оқу (150 бет.)

2. 9- Б -1 көрсету.

Сілтілік металдар неге сілтілік деп аталады?

Сілтілік металдар қанша металл және қандай металдар жатады?

Оларды неге керосин астында немесе парафин майында сақтайды ?

3.Мұғалімнің толықтыруы: Бұл металдардың қосылыситары ерте кезден белгілі болған ,бірақ тек 19 ғасырданеміс химигі Бунзен мен ағылшын химигі Дэви еңбегінің нәтижесінде алынды. К алий және натрий кең тараған ( таралуы жөнінен алтыншы және жетінші ), литий, рубидий, цезий – сирек кездесетін элемент тер , франций – радиоактив ті элемент, жер қыртысында кездеспейді . Сілтілік металл атомдарының құрылысы.

— сыртқы электрондық қабатта бір электрон болады;

–реттік нөмірі артқан сайын ядродағы протон саны артады,атомдағы электрон саны артады;

–энергетикалық деңгейдің саны өседі;

–я атомның және ионның радиусы өседі;

— электртерістілігі кемиді.

Физикалық қасиеттері – кітаппен өз бетінше жұмыс: 6.5 кесте бойынша (152бет)

-барлық сілтілк металдар күмістей ақ түсті,пышақпен оңай кесіледі,оңай балқиды;

– крист.торы: кубтық көлемді центрлі;

–реттік нөмірі өскен сайын тек тығыздығы артады,ал атомдану энергиясы,қаттылығы,қайнау және балқу температуралары төмендейді;

Химиялық қасиеттері:

Ең активті,күшті тотықтырғыш,барлығы дерлік бейметалдармен әрекеттеседі,сумен,қышқылдармен,сұйық сынапта жақсы сақталады, еріп амальгамалар деп аталатын құймалар түзеді,олартаза металдарға қарағанда белсенділігі төмендеу.

13-14

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Дәптерге жазу:қорытынды

*типтік металдар, күшті тотықсыздандырғыштар;

*физикалық қасиеттері атомның радиусының үлкендігі мен кристалл торының құрылысына байланысты;

5-7

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1. 10-ЕТЖ-1жаттығу орындау.61бет,1-нұсқа №2.

2Na + 2H 2 O ==2NaOH + H 2

2NaOH+ CO 2 ==Na 2 CO 3 + H 2 O

***Na 2 CO 3 + 2HCl==2NaCl + H 2 O+ CO 2

2NaCl———–2Na+Cl 2

2Na+H 2 ==2NaH

2NaCl +Br 2 ==2NaBr+Cl 2

№3. Н атри й хлорид і ерітіндісінің э лектролиз і :

Х г 56л

2 NaCl + 2 H 2 O ——————-2 NaOH + Cl 2 + H 2

2*40г/м 22,4л/м

Х= 2*40г/м*56л:22,4 л/м==200 г №4.

2 Na + 2 H 2 O ==2 NaOH + H 2 ( нашар үлгерушілерге консультация беру.)

5-7

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары

Жаттығуларды тексеру

2-3

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 6.2- оқу . № 1-3 – бірінші деңгей, 4, 5,6 – жазбаша (153бет)

2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?

1-2

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь