§6.7.Магний және кальций қосылыстары.Олардың табиғаттағы және техникадағы ролі.

0
1118

Тақырыбы

§6.7.Магний және кальций қосылыстары.Олардың табиғаттағы және техникадағы ролі.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық

тәрбиелік:

Оқушыларға магний және кальций қосылыстары ның атом құрылысы,қасиеттері,қолданылуы,алынуы,табиғаттағы таралуы туралы білімді қалыптастыру; магний және кальций қосылыстары ның қасиетінің атом құрылысына байланыстылығын түсіндіре білу біліктілігін дамыту,салыстыра білу,есеп шығара білу дағдысын ,реакция теңдеуін құрастыра білу біліктіліктерін дамыту, қорытынды жасау,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту. сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Аралас сабақ

Сабақ өткізілу түрі:

Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау,мұғалімнің толықтыруы, жаттығулар орындау,оқушылардың қорытынды жасауы,10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу.

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта ,10-ЕТЖ-1, ХЭ ПЖ ,

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :

Сабақтың білімділік мақсаты:

– үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

– білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

– кеткен кемшіліктерді жою.

1. Үй тапсырмасын тексеру(бір-бірін тексеру).

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

– оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Магний және кальций қосылыстары

Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

Фронтал ды сұрақтар :

1- ші топқа:

* Н атри й , кали й , магни й , кальци й атом құрылысының ерекшеліктерін салыстыра отырып сипаттаңдар.

* 1 және 2 топ элементтерінің физи калық және хими ялық қасиеттерін салыстырыңдар.

2-ші топқа:

* №4 жаттығу.кітаптың168 беті

* Жазбаша берілген үй тапсырмасын тексеру

2-5

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

– оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

1.Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Кітаппен өздік жұмыс: параграф 6.7, оқу; кесте құру; 2нұсқа – 2 сұрақтан

2. Кестені тотырғаннан кейін мұғалімнің толықтыруы

Маңызды қосылыстары

қасиеттері

К альци й – оксиді СаО сөндірілмеген әк

Ақ түсті қиын балқитын зат,оны жоғары температурада ңк тасты қыздырып алады,сілтілік жер металл оксиді болғандықтан сумен жақсы әрекеттеседі. Реакция шабытты жүріпсу қайнап буға айналып,бопылдақ ақ ұнтақ түзіледі.

К альци й – г идроксид і сөндірілген әк,әк суы,сүті Са(ОН)2

Суда аз ериді,оның қаныққан ерітіндісін лаборатори яда көмір қышқыл газын анықтау үшін жиі қолданады.

Са(ОН)2+ СО2== СаСО3+ Н2О

Са(ОН)2+ СО2+ Н2О == Са(НСО3)2

Ғаныш Са SO4*2H2O

Кальций қосылыстарының сумен химиялық байланысып кристалл огидраттар түзу қабілетін құрылыста жиі қолданады.

Алебастр

Са SO4* 0.5 H2O

Ғанышты өңдегенде кристалл дық суын жоғалтады :

Са SO 4*2 H 2 O =Са SO 4*0.5 H 2 O +1.5 Н2О Алебастр ұнтағын сумен араластырғандакері реакция жүреді.

Магни й оксиді MgO -магнезия

Жеңіл,борпылдақ,ақтүсті ,суды жеңіл сіңіретән ұнтақ, спорт тық гимнастик ада қолданады.

Магни й с ульфат ы MgSO 4*7 H 2 O – ащы немесе ағылшын тұзы

Медицин ада, қағаз алуда, жанбайтын материалдар жасауда қолданады.

Магни й с илика ты -асбест

Табиғи талшықты минералды заттың сирек мысалы,жылу оқшаулағыш, жанбайтын материалдар жасауда қолданылады, жұмсақ,жанбайтын,жеңіл,жылу өткізгіштігі төмен.

13-14

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Дәптерге жазу:анықтама, реакци я теңдеулері,қорытынды

5-7

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1. 10-ЕТЖ-1жаттығу орындау.64бет,2-нұсқа №2,3.

5-8

Бақылау және өз бетінше бақылау:

Білімділік міндеттері:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары

Жаттығуларды тексеру

2-5

Үй тапсырмасын беру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 6.7 оқу ., №4,5,6 бірінші деңгей(173бет),№ 7,8–екінші деңгей (173бет),жазбаша

2. Күнделікке жазғанын тексеру

1-2

Сабақ қорытындысын шығару:

– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою

1-2

Рефлексия кезеңі

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? Сабақтың қай кезеңі ұнады?

1-2

Жаңа ұғым:

Доломит, карналлит, магнезия, әк, сөндірілген әк, әк сүті , ғаныш(гипс), магналит, алебастр, асбест