39 Сабақ
Сабақ тақырыбы: 3 санын қосу және азайту.
Сабақ мақсаты: Ондықтан аттап 3 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: 3 санын қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу, сұрақ – жауап,талдау,іздендіру,
Көрнекілік әдістері.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ауызша есептеулер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Санамақ.
Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім – елім,
Далам , тауым, көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Оқулықпен жұмыс.
№1. Түсіндірме мәтін.
№2.Сурет бойынша тура теңдіктер құру.
Сергіту сәті.
№3. Есепті шығар
Әкелінді – 20 кг. және 15 кг.
Жұмсалды – 5кг.
Қалды – ? кг. картоп
Шешуі: (20 + 15 ) – 5 = 30
Жауабы : 30 кг. картоп қалды
№4.
Бар еді – 11 кг.
Жұмсалды – 2кг.
Тағы салынды -3 кг.
Болды – ? кг.
Шешуі: (11 – 2) + 3 = 12
№6 Өз бетімен жұмыс.
8 + 3 = 11 11 – 3 =8
18 + 3 = 21 21 – 3 =18
28 + 3 = 31 31 – 3 = 28
Үйге тапсырма: №5 Өрнекі жазу және оның мәнін табу.
Қорытындылау.
Тақтаға үш себет ілінеді. Үш қатарға жеміс – жидектер таратылады. Суреттердің екінші бетінде мысалдар жазылған. Жемістің екінші бетіндегі мысалдарды дұрыс шығарған оқушы жемісті себетке салады .
Бағалау.