§1.3.Химияның стехиометриялық заңдары.

0
2589
физика

Сыныбы – 10 (ж) сабақ реті: күні_______

Тақырыбы

§ 1.3.Химияның стехиометриялық заңдары.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Химияның стехиометриялық заңдарын қайталау;

берілген заңдарды қолдана білу,талдау, түсіндіру, қорытынды жасау,есте сақтау,көңіл аудару білім-білік дағдыларын жетілдіру;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Қайталау сабағы

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, 10- ЕТЖ -1 жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу,дәптермен жұмыс.

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 10- ЕТЖ -1, ХЭПЖ, кітап, дәптер.

Ұйымдастыру

кезеңі:

( Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау. )

– сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

– оқушыларды психологи ялық дайындау.

Амандасу . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

– оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Химияның стехиометриялық заңдары

1.Білімді жаңғырту:

1. Фронталды әңгімелесу:

Атом , молекула, хими ялық элемент деген не?Анықтама беріңдер ;

Мына элементтердің салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер: кал ьц и й , м ыс , алюмини й .

Тізбекті жүзеге асыр:

Фосфор— фосфор оксид і —фосфор қышқылы — кали й фосфат ы — бари й фосфат ы.

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

– оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

– оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Зат массасының сақталу заңы:

1748 жылы ашылған, эксперимент жүзінде 1756 жылы дәлелденген (металды жабық ретотада қақтау арқылы) . Тәжірибе туралы айту: түсі өзгерді,ауаның көлемі азайды, ретортаны ашқанда, ауа шумен ішке қарай сорылды,ал ретотаның массасы аузын ашқанға дейін өзгермеген. «Реакцияға түскен зат массасы» және « реагенттер массасы» ұғымына ерекше көңіл аудару.

Химиялық реакцияға түскен зат массасы,реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең.

Атом –молекулалық ілім бойынша бұл теорияны мәні түсінікті. Реакция нәтижесінде атомдардың арасында қайта бірігу жүреді, атомдар арасындағы түзілген байланыс үзіліп, қайтадан жаңа байланыс түзіледі,бірақ реакцияға дейінгі және кейінгі атомдардың саны өзгеріссіз қалады.Сондықтан химиялық реакция кезіндегі заттардың жалпы массасы өзгермей қалу қажет. М.В.Ломоносов екі жарым ғасыр бұрын«атом», «молекула», «элемент» ұғымдар енгізілмей тұрғанда бұл заңды ашты.Кейінірек дәл осы заңды фр.ғалымы Лавуазье ашты.

М.В.Ломоносов бұл заңды терең түсінген: «Барлық өзгерістер кезінде ,бір денеден қанша алынса,басқа денеге сонша қосылады».

Бұл анықтамаға қарап М.В.Ломоносовтың зат массасының сақталу заңы мен энергияның сақталу заңын бірге табиғаттың жалпы заңдылығы ретінде бөлмей қарастырғанын көреміз.

Маңызы:

*материяның сақталу заңының бір көрінісі;

* химия ғылымының дамуына үлесін қосты;

*химиялық реакция теңдеулері осы заңға сүйеніп жазылады;

*барлық практикалық есептеулер осының негізінде жүргізіледі.

Зат құрамының тұрақтылық заңы:

Заттардың молекулалардан тұратыны туралы қағидаға сүйеніп ашылған. Одан ары зерттеу барлық бейорганикалық заттардың тек 5 % -ға жуығы молекулалық құрылысты екенін көрсетті,сондықтан құрам тұрақтылық заңы осы заттар үшін ғана қолданылады.Бей молекулалық құрылысты заттар бұл заңдылыққа бағынбайды. Француз ғалымы Ж.Пруст ашқан.Есеп шығруда практикалық маңызы зор.

Әрбір күрделі заттың алыну әдісіне қарамастан құрамы тұрақты болады

Көлемдік қатынастар заңы:

Бұл заңды атақты француз ғалымы Гей-Люссак тұжырымдады: бірдей жағдайда(температура және қысым) реакцияға түсетін газдардың көлемі және реакция нәтижесінде түзілетін газтәрізді заттардың өзара қатынастары кішкентай бүтін сандардың қатынасындай болады.

15-17

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары; –

1. Жаттығулар орындау №1-6.кітаптың 13 беті (нашар үлгерушілер)

2. 10- ЕТЖ -1 жұмыс істеу. (4бет) №1-4 нұсқа 2

20-22

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

1. 10- ЕТЖ -1 жұмыс істеу (6бет) №1-4 нұсқа1

2-3;

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар:

параграф 1.3.оқу. № 6,7– жазбаша орындау. (13бет) .

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2