§3.5. Металдық химиялық байланыс.

0
2483
информатика

Тақырыбы

§3.5. Металдық химиялық байланыс.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Металдық байланыс,оның шығуы,металдық байланыстың табиғаты туралы білімдерін жүйелеу,тереңдету; Металдық байланыспен берілген заттарды сипаттай білу,атомдардан иондардың түзілу схемасын құрастыра білу,химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту; Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру .

Сабақ типі:

Білімді тереңдету сабағы.

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :

Сабақтың білімділік мақсаты:

– үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

– білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

– кеткен кемшіліктерді жою.

1.Жаттығуды тексеру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

– оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Металдық байланыс

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

2-3

Жаңа сабақ түсіндіру.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

– оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

Көптеген металл атомдарының сыртқы қабатында бір,екінемесе үш электроннан болады.Үш электроны бар металл атомдарында иондану энергиясы төмен болғандықтан электрондар оңай үзіліп,электрондық газ түзіледі,яғни «бос электрондар» жиынтығы пайда болады. Олар қозғалғыш, оңай орын ауыстырады,сондықтан кез –келген металды өз-ара байланысқан оң зарядталған металл ионы мен электрондық газдан тұратын тығыз жинақталған құрылым есебінде қарастыруға болады.Металл иондары мен электрондар арасында түзілетін байланысты металдық байланыс деп атайды. Ол металдар мен құймаларға тән.Байланыс табиғаты металдық.

Металдық байланыс валентті электрондардың ортақтасуына негізделгендіктен ковалентті байланыспен көптеген ұқсастықтары бар.Бірақ ковалентті байланыста жұп электрон тек екі атомға ортақ болса, ал металдық байланыста барлық атомдар электрондары байланыс түзуге қатысады. барлық атомдарға ортақ болады.Сондықтан ковалентті байланысы бар кристалл торлары сынғыш ,ал металдық кристалл торлар –иілгіш Металда иондар өзара байланыстарды бұзбай ығысады.Бұл металдық байланыстың бағытының болмауын көрсетеді.Металдардың қаттылығын арттыру үшін құймаға бағытты ковалентті байланыс түзуге қолайлы жағдай жасайтын элементтерді енгізеді,мысалы легирленген болат алу.

2. Қорытынды :

А) кристалл торындағы металдар атом дар ы бағытталмауымен,қанықпауымен сипатталады;

Б) металдардың физикалық қасиеттері (қаттылығы,электрөткізгіштігі,жылуөткізгіштігі,иілгіштігі,тапталғыштығы) металдық байланыстың болуымен түсіндіріледі.

Металл Na кристалдарының құрылысы .

15-16

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Жаттығу орындау:10 – ЕТЖ -1 33бет. 1нұсқа

2-3

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

– оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау

1.Дәптерге жазу.

10- ЕТЖ -1 (37бет) №1-6, №1-10 (күшті оқушылар)

№1 (в- период тарда солдан оңға қарай артады ) №2 (а) №3 (в) №4 (а) №5 (а)

№6 (г) №7 (г,в) №8 (б) №9 (а) №10 (б)

6-7