Жазғы табиғат. Сөз тіркестері. Сөйлем.

0
843
информатика

Сабақтың тақырыбы: Жазғы табиғат. Сөз тіркестері. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөз тіркестері мен сөйлемді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөз тіркестері мен сөйлемді меңгеру, жазғы табиғат туралы өз ойын

айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Жаз» өлеңін жаттау). Жазға байланысты сөйлемдер құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Өлеңді оқып, сұраққа жауап табыңдар. Кестені толықтырып, әңгімелеңдер.

Бұл қай кезде болады?

Күн де ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады.

Бұл қай кезде болады?

2 – тапсырма. Мәтелдің мәнін түсініп, жаттаңдар.

Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды.

3 – тапсырма. «Летом» мәтінін аударып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. «Летом» мәтінінен бірнеше сөйлем аударыңдар. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты табыңдар.

ІІ деңгей.

1. Кестені пайдалана отырып, жаз мезгілі туралы өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

І деңгей.

1. Жаз туралы ақындардың қандай өлеңдерін білесіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар.

Ережемен жұмыс

Сөз тіркесі: жазғы күн, балық аулау

Аяқталған ойды білдіретін сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем дейміз. Мысалы: Балалар жазда балық аулайды. Жазғы күн қандай тамаша!

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма (деңгейлік тапсырманың 2,3 – тапсырмалары)

VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау