Жаз. Сөз тіркестері. Сөйлем.

0
750

Сабақтың тақырыбы: Жаз. Сөз тіркестері. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөз тіркестері мен сөйлемді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, өлең оқу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөз тіркестері мен сөйлемді меңгеру, жаз туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модульді қайталау, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Жаз» өлеңінің мазмұнын оқып, жаттаңдар.

Жаз да келді пейілді: Жаз да келді, шаттанып,

Жан-жануар сейілді. Жұмыла іске аттанып,

Жаз да келді, аптапта Тындырып бар жұмысты,

Жан-жаққа ұшты бақбақ та. Тоя жедік жемісті.

Жаз да келді найқалып, ( Қ.Мырза Әли )

Жатыр егін жайқалып.

2 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

– Қазір қай жыл мезгілі?

– Қазір жаз.

– Жаз айлары қандай?

– Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

3 – тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркесін, кейін сөйлем құрастырыңдар.

Ережемен жұмыс

Сөз тіркесі: жазғы күн, балық аулау

Аяқталған ойды білдіретін сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем дейміз. Мысалы: Балалар жазда балық аулайды. Жазғы күн қандай тамаша!

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Жаз» өлеңін жаттау).

Жазға байланысты сөйлемдер құрау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау