Жаңа оқу жылы. Антоним.

0
715
физика

Сабақтың тақырыбы: Жаңа оқу жылы. Антоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

антонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: антонимдерді меңгеру, жаңа оқу жылы жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

5-6 тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Суреттер бойынша бірнеше сөйлем құраңдар.

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Барлық тапсырмалардан синонимдер мен антонимдерді тауып, түсіндіріңдер.

2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар, үндестік заңын түсіндіріңдер:

мұражайда, бұйымдар, құттықтады

ІІ деңгей.

1. Берілген сөздерге синоним мен антоним табыңдар.

2. Ас, кең аула сөздерін пайдаланып, сөйлемдер құраңдар.

І деңгей.

1. Қазақ тілінің лексикалық терминдері орыс тілінің лексикалық терминдеріне сәйкес

келе ме ? Өз ойларыңды айтыңдар.

Ережемен жұмыс

Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер. Мысалы: кең-тар, бару-келу, қыс-жаз, соғыс-бейбітшілік, аз-көп, аласа-биік, қорқақ-батыр, дұшпан-дос, өтірік-шын, сүю-жек көру, жарық-қараңғы,т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

2- тапсырма

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау