Уақыт. Сан есім, құрамдық түрлері.

0
798
текстуры

Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Сан есім, құрамдық түрлері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сан есім мен оның құрамдық түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу

мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, тірек-сызба

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сан есімді меңгеру, уақыт туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тоқсан бойынша өтілген тақырыптарды еске түсіру.

Көктемгі демалысты қалай өткізгендерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

– Сағат неше болды?

– Сағат екі.

-Мектепте сабақ нешеде басталады?

Мектепте сабақ сегізде басталады.

2 – тапсырма. Сызбаны сан есімдермен толықтырып жазыңдар.

Уақыт

Ғасыр … жыл

Жыл … ай

3 – тапсырма. Өрнекті үлгі бойынша сөзбен жазыңдар.

Ережемен жұмыс

Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?

Құрамына қарай: 1. дара: бір, он, жүз, т.б.

2. күрделі: он бір, жүз жиырма, т.б.

Тұлғасына қарай: 1. негізгі: үш, бес, он сегіз, т.б.

2. туынды: үшінші, бесеу, он сегіздей, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (Сөйлесуді жаттау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау