Қазақ тілі 5 класс на казахском

Уақыт. Сан есім, құрамдық түрлері.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Сан есім, құрамдық түрлері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сан есім мен оның құрамдық түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу

мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, тірек-сызба

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сан есімді меңгеру, уақыт туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тоқсан бойынша өтілген тақырыптарды еске түсіру.

Көктемгі демалысты қалай өткізгендерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

– Сағат неше болды?

– Сағат екі.

-Мектепте сабақ нешеде басталады?

Мектепте сабақ сегізде басталады.

2 – тапсырма. Сызбаны сан есімдермен толықтырып жазыңдар.

Уақыт

Ғасыр … жыл

Жыл … ай

3 – тапсырма. Өрнекті үлгі бойынша сөзбен жазыңдар.

Ережемен жұмыс

Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?

Құрамына қарай: 1. дара: бір, он, жүз, т.б.

2. күрделі: он бір, жүз жиырма, т.б.

Тұлғасына қарай: 1. негізгі: үш, бес, он сегіз, т.б.

2. туынды: үшінші, бесеу, он сегіздей, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (Сөйлесуді жаттау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.
  2. Уақыт өлшемдері. Топтау сан есім.
  3. Хайуанаттар бағында. Сұрау есімдігі.
  4. Ханталапай ойыны. Етістіктің жіктелуі.
  5. Шығарма «Кім болғым келеді?»
  6. Шығарма «Менің қиялымдағы қала»
  7. Шығарма «Менің сүйікті жануарым»
  8. Шығарма «Менің отбасым»
  9. Шығарма «Салауатты өмір салты»
  10. Шөл кемесі. Жіктеу есімдігі.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса