Торғай. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

0
826
метод печати

Сабақтың тақырыбы: Торғай. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен

жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгеру, торғай туралы өз

ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2 – тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Торғай» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды

3. мәтінді мазмұндайды

4. мәтіндегі қиын сөздер мен тірек сөздерді табады

2 – тапсырма. Торғайдың суретіне қарай отырып, оған сипаттама беріңдер.

Торғай

Зат есім Сын есім Сан есім Етістік

3 – тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібіне қарай орналастырып, сөйлем құраңыз.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бар:

бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрады. Мысалы:

Біз жазда өзенге шомыламыз.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Торғай» мәтінін мазмұндаңыз).

«Менің сүйікті құсым» тақырыбына әңгіме жазыңыз.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау