Қазақ тілі 5 класс на казахском

Тіл туралы мақал-мәтелдер. Бітеу буын.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Тіл туралы мақал-мәтелдер. Бітеу буын.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

бітеу буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт.тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: бітеу буынды меңгеру, мақал – мәтелдер жөнінде өз пікірін айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Құрған сөйлемдерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Тіл туралы мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

1. Тілде тиек жоқ.

2. Тіл тас жарар, тас жармаса, бас жарар.

3. Өнер алды – қызыл тіл.

4. Тіл қылыштан да өткір.

5. Піл көтермегенді, тіл көтереді.

2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай

сәйкестендіріңіз.

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазып, ашық және тұйық, бітеу

буындарды табу.

«Жұбыңды тап» ойыны ( кеспелерден сөз тіркесін құрау)

шешен

ойланып

тыңда

оқы

бол

үлкенді

мақал-мәтелдерді

болма

тілазар

сөйле

тіл

жақсы

ырыс

сөз

жарым

білімді

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

1- тапсырма (Мақал-мәтелдерді жаттау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Тоқсандық қайталау.
  2. Тырна. Үстеу бойынша қайталау.
  3. Тіл дамыту.
  4. Тіл дамытуға арналған жинағы
  5. Тіл дамытуға арналған жинақтары
  6. Тәуелсіздікке- 25 жыл!
  7. Төрт түліктің пайдасы. Есімдік.
  8. Төрт түліктің пайдасы. Сілтеу есімдігі.
  9. Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.
  10. Уақыт өлшемдері. Топтау сан есім.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса