62 Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі туралы білімді
тиянақтау.
Сабақтың мақсаты: 1) өткен сабақтар бойынша оқушылардың білімін пысықтау.
2) математика пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3) оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, ынтымаққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың түрі: ойын элементтері араласқан аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі суреттер.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін аудару.
- Өтілгенді пысықтау.
«Кім тапқыр?» ойыны. Қандай сан жасырынып тұр?
1-есеп. Әр фигураның үйін тап.
*Сергіту сәті. Көгершінге ұқсайық,
Ұшып-ұшып алайық.
Ұямызға қонайық
Есептеуді бастайық.
2-есеп. а) Есептің шартын оқу.
– Шартында не туралы айтылған?
– Не белгілі?
– Әткеншек теуіп жүрген бала саны және әткеншектен түскен бала саны.
– Есеп бізден нені сұрайды?
– Қанша бала қалғанын.
1) 10-7=3 2) жауабы: 3 бала қалды.
5-есеп. Мысалдар шығару. 9+9 9+8 9+7 9+6 9+5 9+4 9+3 9+2
8+8 8+7 8+6 8+5 8+4 8+3 8+2
- Қорытынды. Тест ұйымдастыру.
1.Шаршы дегеніміз не?
2.Төртбұрыштың неше бұрышы бар?
3.Қайсысы шаршы?
- Шаршының бір қабырғасы 3см болса, қалған қабырғалары нешеге тең болады?
4. Бағалау.