Табиғаттағы өзгерістер. Түбір және қосымша.

0
968
физика

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы өзгерістер. Түбір және қосымша.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

түбір және қосымшаны түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге

үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: түбір мен қосымшаны меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4 –тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Суреттер бойынша әр жыл мезгіліне сөйлемдер құрастырыңдар.

2 – тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.

– Биыл күз қандай?

– … .

– Жеміс, көкөкіс көп болды ма?

– … .

3 – тапсырма. Төмендегі сөздердің қосымшаларын табыңдар.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар

Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау

Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. Мысалы: көмек, т.б.

Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады. Мысалы: көмек +ші, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

4 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау