24-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Тәулік. Жыл. Ғасыр.
Мақсаты:Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынасымен таныстыру; өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтау; сандарды және сәйкес шамаларды қосу мен азайтуды салыстыра қарастыру; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.
I.Ұйымдастыру сәті
Бір керемет минутың,
Жасады бір жақсы істі.
Он керемет минутың,
Он жақсы істі жасады.
Ал тұтас бір сабақта
Неше жақсы іс жасалмақ?
II.Тірек білімді еске түсіру
-Уақыттың қандай өлшем бірлігімен біздер таныспыз?
-Сағат моделінен уақыттың бірнеше нұсқасын көрсету.
-Уақыттың тағы қандай өлшем бірлігі болады?
Көрнекілік арқылы ай, жыл, ғасыр сияқты ұғымдарды нақтылай түсу.
III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс
№1.Оқулық сұрақтарына оқушылар жауап береді және минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр ұғымдары түсініктемелерін тұжырымдап береді.
№2.Ойын жарыс:«Кім көп және жылдам?»
Қатар бойынша жарыс түрінде оқушылардың өзіндік жұмысы ұйымдастырылады. Жұмыс алдында шамаларды қосудың ерекшелігі міндетті түрде еске түсіріледі.
№3. Есепті шешу тақтада орындалады, шығару жолы талданады, ал содан кейін кері есепті шығару оқушыларға ұсынылады. Өзара тексеру. Кеткен қателерді талдау.
Сергіту сәті
Тық-тық ,тық-тық-
Барлық сағат былай жүреді:(басты еңкейту)
Тық-тық ,тық-тық-
Сағат неше, жылдам қара:(маятник сияқты тербелу)
Тық-тық ,тық-тық-
Солға- бір,оңға- екі
Біз де осылай істейміз:
Тық-тық ,тық-тық, тық-тық.
№4,№5.Мұғалімнің басшылығымен тақтада орындалады.1 сағат=60мин теңдігін оқушыларға ескертіледі.
Рефлексия.
Шығармашылық тапсырма. Уақыт 3-5 минут
Жыл ішіндегі сендерге ең сүйікті күн қай күн?Өзіңнің туған күніңді ата. Өз тобыңдағы қыз балалардың туған күндерін анықтап көр.Жұмысты ортаға салып көрсетіп беру.
-Бүгін қандай жаңа шамалармен таныстық?
-Күнделікті тұрмыста олар сендердің қандай қажеттеріңе жарайды?
Үй тапсырмасы.45-бет. №6.