Мақсаты:
1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан – жақты білімдерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір – бірін сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:
Тақырып жазылған билборд, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері.
І – жүргізуші: Уақыт….Уақыт – жарыса ескен жел секілді,бір күннің артынан екінші күнін қалай туып,жатқанын байқамай қаласың.
Уақыт – жөңкіле көшкен бұлт секілді,бүгінгі күнінің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.
Уақыт – жарысы аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер. Бұрынғы сәттерің кімнің есімде қалған екен.
Көрініс:
Кенже. Ол менің есімде:
Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Ерасыл: Иә, иә есімізге енді түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп – кішкентай ерке балалары едік. Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден қорқып, әндете жылағанбыз. Кейін үйрене келе барлығымыз бір – бірімізге бауыр басып, бір отбасының балаларындай достасып кеттік емеспе.Ал, бүгін әліппемен қоштасқалы жатырмыз.
І- жүргізуші:
Армысыздар аналар!
Бармысыздар балалар.
Сөзіме құлақ салыныз
Бір серпіліп қалыныз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз
Құрметті ұстаздар,оқушылар ,ата-аналар!Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
ІІ-жүргізуші:
Шашу – шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын бастайық (музыка ойнайды,шашу шашылады)
І-жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен, құрметімізді көрсетіп
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға (оқушылар ортаға шығады)
ІІ-жүргізуші:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен ( оқушылар)
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
І-жүргізуші:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. (Әліппе әнін оқушылар айтады, әліппе ортаға шығады)
Әліппе ортаға шығады:
– Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
ІІ-жүргізуші:
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Кенже: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе
Муса Жанерке: Жақсы кітап әліппе
Үйретеді әріпке
Қуыршақпен қоштастым
Әріптермен достастым
Арулан: Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Мұратбек Жанерке: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
Темірлан: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық
Диас: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып-жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
Диана: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен
Дильназ:Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Аяна: Жүзің жылы,құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен
Ерасыл: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым
Алфавитті алғаш сенен жаттадым
Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік
Мейіріммен жауырыннан қаққаның
Әмір: Әліппем менің әліппем
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп – көп рахмет
Нурсултан:Үйретіп бізге алғаш Әліппені
Ұстазым ғылымға жол салып берді
Адамның ой-арманы мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Алуа: Ең алғаш қолға алғанда әліппені
Қызыға қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді
І – жүргізуші: Өте жақсы балалар Әліппеге арналған тақпақтарыңды жақсы жаттапсыңдар.
Ұстазым – саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін.
Бүгінгі мереке күніне
Сәл ғана құрметім бұл менің.
Ал, ұстаздарына арналған әндерін бар ма? Бар болса сол әнді тыңдайық.
Хор: Ақылшы мұғалім
Әліппе:
Ал, достар менің сендермен қоштасатын уақытым келіп жеткен сияқты,бірақ қоштаспас бұрын мен сендерді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі
пәнімен таныстырайын. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Ана тілі: Балалар мен сендерге сұрақ қойып Әліппені қалай меңгергендердің көрейін: Сендер Әліппе оқулығынан қандай өлең – тақпақтарды жаттадыңдар.(оқушылар тақпақтарын айтады)
Өте жақсы балалар! Мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Әліппе:
Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өссе берсін санамыз!
Бәрі: Қош бол, Әліппе!
І-жүргізуші:
Армысыздар, еліміздің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,
Сіздер үшін өнердің шашулары.
Енді кезекті концерттік бағдарламаға берейік.
ІІ-жүргізуші:
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалады қанат қақпай – дей отырып, 1б сыныбының « Салем саған мектебім» әнің тыңдайық.
І-жүргізуші:
Ата – анадан тарту.Муса Жанеркенің анасы. Ықыластың күйі «Жезкиік»
ІІ-жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде. «Чунга – чанга» биін тамашаланыздар.
І-жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады. Мұқағали: Мен сіздерге бір ән шырқайын
ІІ-жүргізуші: Кезекті «Гномдар» биіне берейік.
І – жүргізуші: Хор «Менің отаным»
Сәулелі сөз сөне ме ?!
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім, өнеге-
Ақ тілеуі ата – ананың. – деп ата-аналарымызға сөз кезегін береміз (Мұратбекқызы Жанеркенің анасы)
ІІ-Жүргізуші:
Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,
Екі ортаға алтыннан жол салайық
Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен
Рахмет айтып біздер де қоштасайық!
І-Жүргізуші:
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз
Тілектермен нығайсын берекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз!
Қорытынды сөз:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Сіздердің отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!
Қош сау болыныздар құрметті хауым!