Солтүстік Қазақстан. Жалпы және жалқы зат есім.

0
728

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан. Жалпы және жалқы зат есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

жалпы және жалқы есімді түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: жалқы және жалпы есімді меңгеру, Солтүстік Қазақстан туралы

өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Оңтүстік Қазақстан» мәтінін мазмұндау).

Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді табу.

ІІІ. Жаңа сабақ

– тапсырма. «Солтүстік Қазақстан» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

Мәтінді оқиды.

Мәтінді аударады

Мәтінді мазмұндайды

Мәтін бойынша сұрақ құрайды.

– тапсырма. Берілген сөйлемдерден жалқы және жалпы есімдерді тауып, құрамына қарай талдау.

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу.

Ережемен жұмыс

Зат есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:

Жалпы есім: мектеп, табиғат, орман, т.б.

Жалқы есім: Астана, Қазақстан, Арман, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Солтүстік Қазақстан» мәтінін мазмұндау)

Мәтіннен жалпы және жалқы зат есімдерді табу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау